• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 05 Шілде, 2022

Елордада мал сою орындары белгіленді

396 рет
көрсетілді

Биыл Қазақстанда Құрбан айт 9-11 шілде күндері өтеді. Қасиетті мерекенің алғашқы күні таңертеңнен бастап елорда мешіттерінде Айт намазы оқылады. Бұл туралы қалалық дін істері басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов онлайн брифингте айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

9 шілде күні қала мешіттерінде Айт намазы оқылады. Нұр-Сұлтанда бекітілген мал сою орындарында құрбандық шалу сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін өтеді. Сондай-ақ мұны «QURBAN2022.kz» Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сайты арқылы да онлайн жасауға болады.

Мал сою үшін мына орындар белгіленді:

Байқоңыр ауданы бойынша:

«Жайлау» базары, Алаш тас жолы, С 313 көшесі («Шарын» базарының арт жағы);2. «Шанхай» базары, Алаш тасжолы, 34/6 («Көк базар» базарының арт жағы);3. «Шопан ата» базары, («Рубиком» және Әмір базарының ортасы);4. «Баракат» базары, А 369 көшесі, №10 ғимарат.5. «Шәушен» шаруа қожалығы, Алаш тасжолы, 136 Б;6. «Темеш» шаруа қожалығы, Айналма жол, 229, 1а.     Сарыарқа ауданы бойынша:1. «Ұлжан» әмбебап базары, Н. Тілендиев көшесі, 24 (бұрынғы «Саянұр» базары).Құрбандыққа сойылған малдың еті түгелдей әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға үлестіріледі.«Құрбан айт» мерекесі күндері халыққа құрбандық шалу және тағы басқа да діни мәселелер бойынша ақпарат алу үшін тәулік бойы «109» Call-center жұмыс істейді.

Аяна Тоғанбек