• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Шілде, 2022

Ақтаудағы «Домбыра-дастан» акциясы

401 рет
көрсетілді

Елімізде шілденің бірінші жексенбісі көне музыкалық аспап – домбыра мерекесін атап өтеді. Бұл күн қазақ­стандық қоғамды мәдени мұраның құндылықтары мен жасампаз идеяла­рының айналасына топтастыру мақса­тында белгіленген болатын.

Ақтауда Ұлттық домбыра күніне орай Маңғыстау облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы  «Домбыра – дастан» акциясын өткізді. Шара аясында перинаталдық орталықта жатқан аналар мен олардың нәрестелеріне қазақтың қара домбырасы сыйға берілді.

Акция Ақтау қалалық перинаталдық орталығында өтті. Іс-шараға облыстық Ассамблеяның қоғамдық орынбасары, әзербайжан ЭМБ төрағасы Шамсадин Гусейнов, МО ҚХА кәсіпкерлер қауым­дастығының төрағасы Джамбулат Тангиев, Аналар кеңесінің төрағасы Аманкүл Жайылханова, МО ҚХА кәсіпкерлер қауым­дастығы төрағасының орынбасары, Аналар кеңесінің мүшесі Зарета Фаталиева, ҚХА ардагерлер кеңесінің мүшесі Раиса Маденова, сондай-ақ бірқатар жеке кәсіпкер қа­тысты.

Шара ұйымдастырушылары аналар мен олардың нәрестелеріне домбыра, балаларға арналған киім, кондитерлік жә­е сүт өнімдерін табыс етті.  Сондай-ақ Ақтау қалалық перинаталдық орталығының қыз­меткерлеріне Қазақстан халқы Ас­самблеясы атынан естелік сыйлықтар берілді.

 

Маңғыстау облысы