• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 07 Шілде, 2022

Елордада әуе шары құлады

312 рет
көрсетілді

6 шілдеде Нұр-Сұлтанда адамдар мінген әуе шары құлады. Оқиға қаланың қақ ортасындағы Нұржол желекжолында болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әуе шарында бірнеше адам болған. Оқыс жағдайдан ешкім зардап шеккен жоқ.   Қатты желдің әсерінен әуе шары жерге құлап барып, қонғаны байқалады. Маңайдағы адамдар дереу көмекке ұмтылған. 112 қызметіне бұл жайтқа қатысты ешқандай қоңырау түспеген.   Бұған дейін қалалық төтенше жағдайлар департаменті 6 шілдеде дауыл тұруы мүмкін екенін ескерткен еді.   Аяна Тоғанбек