• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 07 Шілде, 2022

Президент мұнай тасымалдауда Транскаспий бағдарын дамытуды тапсырды

340 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы мұнай тасымалдау ісін әртараптандыруды маңызды міндет деп санайды. Бұл жайында Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-транзит әлеуетін дамыту жөніндегі кеңесте айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бүгінде Транскаспий бағдары басым бағыт саналады. «ҚазМұнайГазға» оны жүзеге асырудың оңтайлы нұсқасын, соның ішінде Теңіз жобасының инвесторларын тарту мүмкіндігін пысықтауды тапсырамын. Үкімет «Самұрық-Қазынамен» бірлесіп, Атырау – Кеңқияқ және Кеңқияқ – Құмкөл мұнай құбырларының қуатын арттыру жөнінде шара қабылдауы қажет», деді Президент.

Автожол инфрақұрылымын дамыту мәселесі де маңызды салалардың бірі.

Мемлекет басшысының айтуынша, ең алдымен, құрылысы басталған магистральды бағыттардағы (Ақтөбе – Қандыағаш – Мақат, Атырау – Астрахань, Алматы – Қарағанды және Талдықорған – Өскемен) қайта жаңарту жұмыстарын уақытылы әрі сапалы аяқтау қажет.