Қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілеріне өтемақы төлеу аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы әкімі Ерболат Досаевтың айтуынша, барлығы 14,5 млрд теңгеге 1 594 өтінім мақұлданды.
«Шағын және орта бизнес – қала экономикасының негізі. Онда еңбекке қабілетті халықтың 64%-ті жұмыс істейді. Сондықтан бизнесті қолдауға ерекше көңіл бөлінеді. 2022 жылы бюджеттен қосымша 5 млрд теңге бөлініп, 46,9 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Бүгінде 16,5 млрд теңгеге шағын және орта бизнестің 219 жобасы қаржыландырылды. 1 маусымда жұмыс істейтін кәсіпорындар саны 19,5%-ке өсті», деді Ерболат Досаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңындағы брифингте.
Айта кетейік, Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде 1 600-ге жуық бизнес субъектісі зардап шекті. Оның 96 пайызы шағын және орта бизнес өкілдеріне тиесілі.
Аяна Тоғанбек