• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 08 Шілде, 2022

Жапонияның бұрынғы премьер-министріне оқ атылды

274 рет
көрсетілді

Белгісіз біреу Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэге Нарадаға оқ жаудырды. Ол ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

РБК таратқан мәліметке сәйкес, NHK телеарнасының тілшісі атылған дыбысты естіген, сәлден соң саясаткер есінен танып қалған.

Синдзо Абэ 2006-2007 және 2012-2020 жылдар аралығында премьер-министр қызметін атқарды. Осы мерзімде Жапония Либерал-демократиялық партиясының төрағасы болды.

Шабуыл жасаған күдікті ұсталды. Экс-премьердің өміріне не себепті қастандық жасалғаны әлі белгісіз.