• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Шілде, 2022

Қызылордада жалған шот-фактура жазумен айналысқандар ұсталды

222 рет
көрсетілді

Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті бірнеше заңды тұлғамен заңсыз мәміле жасап, нақты орындалмаған жұмыс үшін 2018-2021 жылдар аралығында жалған шот-фактура жазумен айналысқан «Жетіашар» ЖШС-нің әрекетін әшкереледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Компания бірнеше кәсіпкерлік нысанға салықтан жалтару мақсатында әртүрлі тауарларға есеп айырысқаны жөнінде қосымша құн салығы көрсетілген жалған шот-фактура жазып берген. Оның айналым сомасы 370 млн теңгеге жеткен.

Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті мемлекетке төленбеген салық түрінде 118 млн теңге көлемінде залал келгенін көрсетті.

Сот үкімімен серіктестік басшысы Избасар Айбек кінәлі деп танылып, 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.