• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
ANTIKOR 08 Шілде, 2022

Антикор қаңтар оқиғасы бойынша 360 істі қарады

242 рет
көрсетілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қаңтар оқиғасы бойынша азаптауға қатысты 360 қылмыстық істі қараған. Антикор басшысы Олжас Бектенов ведомствоның алқа отырысында осындай мәлімет келтірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің биылғы алты айдағы жұмысына елімізде болып жатқан оқиғалар әсер еткені бәрімізге мәлім. Тек қаңтар оқиғасы бойынша құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тарапынан азаптау мен өкілеттігін асыра пайдалану фактілері бойынша агенттік тергеушілерінің өндірісінде 360 қылмыстық іс болды», деді ол.

Агенттік төрағасының сөзіне қарағанда, қазір құқық қорғау органдары тарапынан азаптау фактілері бойынша 170 іс тергеуде жатыр.

«Бұл санаттағы істердің саны өткен жылдармен салыстырғанда екі есе артық. Қазіргі таңда 170 іс бойынша тергеу жалғасып жатыр. 167-сі аяқталды. 23 қылмыстық іс әрі қарай тергеу үшін прокуратураға жолданды», деді Олжас Бектенов.