• RUB:
    4.97
  • USD:
    493.85
  • EUR:
    519.04
Басты сайтқа өту
Білім 08 Шілде, 2022

Түркістан облысында аттестациядан өтпеген мектеп директорлары анықталды

322 рет
көрсетілді

Түркістан облысында кейбір мектеп директорлары 5 жылдан бері аттестациядан өтпеген. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Таңертеңнен бері Түркістан облысындағы алты ауылға барып, жеті мектептің жұмысымен таныстым. Соның ішіндегі екі мектеп басшысының жұмысына төмен баға беруге болады. Өз құзыретіндегі міндеттерін орындауына және қажетті жұмысты ұйымдастыруына қатысты сұрақтар бар. Сондай-ақ мектептердің біріндегі кітапханашыға «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша атқарып жатқан жұмысы үшін алғысымды айттым», деп атап өтті Асхат Аймағамбетов.

Оның сөзіне сенсек, тағы екі мектепте осы жоба бойынша жұмыс тиісті деңгейде орындалып отырған жоқ.

«Мектеп басшыларының аттестациядан өту мерзімі өтіп кетсе де, кейбір облыс аудандарында 5 жылдан астам уақыт бойы аттестация өткізілмеген. Осы облыстың басқа да білім беру ұйымдарының жұмысымен танысамын», дейді Оқу-ағарту министрі.

Аяна Тоғанбек

Соңғы жаңалықтар