• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 08 Шілде, 2022

Алматыда дала өртін камералар арқылы анықтайды

200 рет
көрсетілді

Төтенше жағдайлар департаменті Алматыда өрттің табиғи ошақтарын бейнекамералар арқылы анықтайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы қалалық ТЖД басшысы Руслан Қасыбаевтың айтуынша, мұндай цифрлық инновация өртті түтін және жоғары температура бойынша ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді.

«Біз табиғи парк аумағында смарт-камера деп аталатын оптикалық сенсорлық және тепловизор қондырғыларын енгізу мәселесін пысықтап жатырмыз. Температура камералары арқылы бейнебақылау жаяу және әуе патрульдеріне қарағанда тиімді және арзан», деді ол.

Мұндай камералар тұтану көздерін автоматты түрде анықтауға және күштер мен өрт сөндіргіштерді жеткізу үшін ыңғайлы маршруттарды құруға қабілетті.

«Қазавиаорманқорғау» Алматы құтқарушыларына өртті тез арада жоюға көмектеседі. Ыстық кезеңде күн сайын таулы-орманды аймақтың үстінен ұшу жүзеге асырылады. Патрульдеу кезінде тепловизоры бар дрон қолданылады.

«Дрон өрт шыққан жерлерді анықтауға және оған ТЖД мобильді топтарын жіберуге мүмкіндік береді. Осындай сын-қатерлердің барлығы жоғары қауіптілік дәрежесіне ие», деп қосты ол.