• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 08 Шілде, 2022

Елордада қала күні неге отшашусыз өткені айтылды

206 рет
көрсетілді

Қала әкімі Алтай Көлгінов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте биыл қала күніне орай неге отшашу болмағанын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Біз отшашуды жоспарладық, бірақ ауа райы қолайсыз болды. Сол себепті біз тәуекелге бармадық. Өздеріңіз де байқап отырғандарыңыздай, отшашуды іске қосу қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеді», деді әкім.

Оның айтуынша, қала күнін атап өтуге 200 млн теңге бөлінген, бұл 2019 жылға қарағанда бес есе аз.

«Биыл 2019 жылмен салыстырғанда бес есе аз қаражат жұмсадық. Біз жүзден астам іс-шара ұйымдастырдық, оларға 120 мыңнан астам қала тұрғыны қатысты. Барлығы 200 млн теңге жұмсалды. Мысалы, «Астана Аренада» Open Air концертіне 27 мың адам келді. Бұл тегін концерт болды. Бірақ, әрине, біз оған ақша жұмсадық. Ақылы екі-үш концерт болды, ол киноконцерт залында болды. Билеттерді адамдар сатып алды. Қалғаны тегін болды. Біз қалалықтардың мерекелік атмосфераны сезінуін қаладық», деді Алтай Көлгінов.