• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
29 Сәуір, 2014

Астана саммитінің рухы – өміршең

198 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Ламберто Заньерді қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Сенат Төрағасы Қазақстанның ЕҚЫҰ кеңістігіндегі ынты­мақ­тастықты нығайтуға, сондай-ақ, Ұйым­ның Парламенттік Ассам­блеясы аясындағы үнқатысуға бейімділігін нақтылады. Қ.Тоқаев «Украинадағы шие­леністің шешімін табуда және үн­қатысуды қалыптастыруда  ЕҚЫҰ шешуші рөл атқаруы тиіс», деп атап өтті. Астана мерейтойлық декларациясында мәлімделген Еуразиялық және Еуро-Атлантикалық қауіп­сіздік қоғамдастығын қалып­тастыру туралы айта келе, Төраға «ЕҚЫҰ-ның Астана саммитінің рухын өмірге енгізу керек», деп атап өтті. Кездесуде, сондай-ақ, Орталық Азиядағы аймақтық өзара іс-қимыл мәселелері де қозғалды.