• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Кеше

Димаш Құдайберген туған жерінде жаңа бейнебаян түсіреді

Әнші Димаш Құдайберген өзінің туған қаласы Ақтөбеде жаңа бейнебаян түсіруді жоспарлап жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің әлеметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Әнші өзінің балалық шағы өткен мекенге оралуы туралы жылы естеліктерімен бөлісіп, туған жердің өзі үшін орны ерекше екенін атап өтті.

«Ақтөбеден сәлем. Жасөспірім кезімде армандарым мені алысқа алып кетті. Бірақ әр жолдың бастауында туған жер тұрады. Араға жылдар салып, туған жерге табан тіреп келіп қалдым. Бұйырса Ақтөбеде 3 күннен соң жаңа клип түсіремін», деп жазды Д. Құдайберген.

Димаш Құдайберген жаңа деректі фильмінің трейлерін жариялады

Әзірге жаңа туындының атауы мен қандай әнге клип түсірілетіні белгісіз. Түсірілім жұмыстары 3 күннен соң Ақтөбе қаласында басталады.

Димаш Құдайберген «Таймас» фильмінің түсі­рілім алаңына барды

Соңғы жаңалықтар