• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт 14 Маусым, 2026

Қазақстанның волейболшылары жартылай финалға шықты

Филиппинде волейболдан әйелдер арасында Азияның Ұлттар кубогі өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тұсаукесер кездесуде Қазақстан құрамасы Гонконгты 3:1 (20:25, 25:17, 25:16, 25:13) есебімен ұтты. Келесі кездесуде Индонезияны таза жеңді – 3:0 (25:19, 25:19, 25:18. Үшінші турда Иранды тізе бүктірді – 3:1 (13:25, 25:20, 25:14, 25:18).

Волейболдан әйелдер командалары арасында ел чемпионатының шешуші кезеңі өтті

Одан кейін Ливанның тас-талқанын шығарды – 3:0 (25:11, 25:19. 25:14). Соңғы матчта Вьетнамға қарсы ойнадық. Фавориттерге қарсы өте шиеленісті өткен бәсекеде біздің қыздар тамаша ойын үлгісін көрсетіп, күмәнсіз жеңіске жетті – 3:2 (18:25, 25:19, 23:25, 25:22, 15:13). Сөйтіп, өз тобында бірніш орын алған жерлестеріміз жартылай финалға жолдама алды.

Павлодарда волейболдан маусым үздіктері анықталады

Ал екінші топта Филиппин, Тайпей, Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Аустралия және Өзбекстан шеберлік байқасады.

Соңғы жаңалықтар