Қазақ әдебиетінің алып бәйтерегі Шерхан Мұртазаның өмірі мен шығармашылығына қатысты кез келген қызықты дерек оқырманды бейжай қалдырмасы анық. Тіпті Шерағаның мектепті қандай бағамен аяқтағаны да елді елең еткізбей қоймасы сөзсіз.
Шерхан Мұртазаның аттестатына көз жүгірткенде, кілең бестік бағаның арасынан бір төрт және үш деген бағаны көз шалды. Әдебиет әлемінің алдаспаны 1947-1950 жылдары бұрынғы Жамбыл қаласындағы Жамбыл атындағы мектепте білім алғаны белгілі. Қайраткер қаламгердің аталған білім ордасында алған аттестатынан байқағанымыз, барлық сабақты дерлік «өте жақсы» деген бағаға аяқтапты. Тек геометрия пәнінің мұғалімі үш деген баға қойса, орыс әдебиеті пәнінің мұғалімі Шерхан Мұртазаның білімін төртке бағалапты. Геометрияны үшке тәмамдаған Шерағаның алгебрадан бес алғаны да қызық.
Әлбетте, бақытын білімнен іздеген қаламгерге аттестаттағы үш және төрт деген бағалар Мәскеуде білім алып, алты алаштың мақтанышына айналуына еш кедергі келтірмегені мәлім.
Жамбыл облысы