Мәжіліс депутаттары Альберт Рау мен Самат Ақышев Қостанай облысының Бейімбет Майлин ауданында болып, «Аманат» партиясының сайлауалды бағдарламасы бойынша іске асып жатқан жобалармен танысты.
Алда тұрған басты міндеттердің бірі – ауылдардың инфрақұрылымын дамыту. Осыған сәйкес, биыл Майлин ауданындағы Красносельский және Майский елді мекендеріне орталық су желісі тартылады. Ал Елизаветенка ауылында жаңа медицина мекемесі бой көтереді.
Депутаттар Увальный ауылының маңындағы «Ленинск мал шаруашылығы кешені» серіктестігіне де барды. Заманауи ферма 12 мың талпақ танау өсіреді. Елді мекендерден шалғайда, оңаша жерде орналасқан ферма өз өнімдерін ет және шұжық түрінде саудалайды. Сондай-ақ депутаттар аталмыш серіктестіктің шаруашылығымен танысып, жұмысшыларымен кездесті. Мұнда жұмыс істейтін жұмысшылар жұмыс кестесі мен мамандығына қарай 120 мың теңгеден 250 мың теңгеге дейін жалақы алады.
Мәжіліс депутаттары Альберт Рау мен Самат Ақышев фермер ұсынып отырған жобаның маңызды екеніне тоқталып, қолдау көрсетуге уәде етті. Ауыл тұрғындарымен кездесу барысында депутаттар Бейімбет Майлин ауданында Amanat партиясының сайлауалды бағдарламасы нәтижелі жүзеге асырылып жатқанын тілге тиек етті.
Қостанай облысы