• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Теннис 12 Шілде, 2022

Елена Рыбакина федерация сыйақысынан не себепті бас тартқанын айтты

117 рет
көрсетілді

Қазақстандық теннисші, Уимблдон-2022 чемпионы Елена Рыбакина ҚТФ ұсынған сыйақыдан неге бас тартқанын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Федерация маған бұған дейін де көмектесті, көмектесіп те жатыр. Енді менің кезегім келді деп ойлаймын, яғни алғысымды сөзбен ғана емес, іспен дәлелдейтін уақыт келді. Менің жеңісім баршаға ортақ. Жеңіс мұнымен бітпейді, алда тағы жеңісті сәттер күтіп тұр деп үміттенемін. Тиісінше қайырымдылық жасау да жалғасын табады. Сондықтан, ақылдаса келе сыйақыны қайырымдылыққа бағыттау туралы шешім қабылдадық», деді Елена Рыбакина елордада өткен баспасөз мәслихатында.