• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Коронавирус 15 Шілде, 2022

Қазақстан 300 мың доза Pfizer вакцинасына тапсырыс береді

200 рет
көрсетілді

Бүгінгі таңда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 млн 630 мың 930 дозасы бар, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның ішінде 329 мың – QazVac, 1,2 млн – Sinopharm, 106,5 мың - Pfizer.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың мәліметінше, Қазақстан күзгі эпидемиологиялық кезеңге балалар мен жүкті әйелдерге Pfizer вакцинасының шамамен 300 мың дозасына тапсырыс беруді жоспарлап отыр.   «Бүгінгі таңда біз Pfizer-дің қалған 106,5 мың дозасын егіп жатырмыз. Яғни бұл вакцина жүкті әйелдер мен балаларға және Pfizer-дің бірінші компонентін алған азаматтарға салынады. Балалар мен жүкті әйелдер үшін күзгі кезеңге қосымша 300 мыңға жуық дозаға тапсырыс беріледі», деді министр.   Сондай-ақ Ажар Ғиният Алматы қаласында қалған вакцина қорына тоқталды. Айтуынша, мегаполисте 37 мың доза QazVac, 180 мың доза Sinopharm және 8600 доза Pfizer бар.   «Ай сайын 500 мың доза өз вакцинамыз – QazVac өндіріледі. Бүгінгі таңда 2 миллионға жуық доза бар және қажет болған жағдайда тағы алынады. Елде вакцина жеткілікті», деді министр.