• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Елорда 15 Шілде, 2022

Елорда әуежайының жұмыс кестесі өзгерді

324 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан әуежайы 15 шілде мен 8 тамыз аралығында күндізгі уақытта жұмыс істемейді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әуежайдың баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 шілдеден 8 тамызға дейінгі аралықта елордалық әуежайда ұшу-қону жолағына жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Нысанның жұмыс уақыты жеті сағатқа қысқарады, яғни, Нұр-Сұлтаннан ұшуға немесе Нұр-Сұлтанға тек таңертең, кешке немесе түнде ұшуға болады. 11.00-ден 18.00-ге дейін рейстер болмайды. 75 рейстің 20-сының кестесі өзгереді.

«Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аталған жөндеу жыл сайын жүргізіледі. Жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы шешімді әуежай осы жылдың ақпанында қабылдады, содан кейін жұмыс кестесі туралы ақпарат әуекомпанияларға уақытылы жіберілді. Тасымалдаушылар әуежайдан алынған хабарлама негізінде рейстер кестесіне өзгерістер енгізді», делінген хабарламада.