Hungarian Grand Prix WTA 250 турнирінің чемпионы қазақстандық Юлия Путинцева титулды сәтті қорғап жүр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жарыстың екінші раундында біздің теннисші Бразилиядан келген Лаура Пигоссиді 4:6, 6:1, 6:2 есебімен жеңді. Кортта спортшылар 2 сағат 16 минут уақыт өткізді. Осы уақыт ішінде Юлия бір рет те қарсыласқа дес бермей, артынан алты брейк жасады.
Ширек финалда Юлия Путинцева украиналық Леся Цуренкомен кездеседі.