Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек қазақстандықтар бір айда полицияға 1272 атыс қаруын тапсырғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шұғыла Тұрлыбектің айтуынша, акция басталған айдың ішінде тұрғындар полицияға 1272 дана атыс қаруын өз еркімен тапсырған. Оның ішінде, 1 ойық ұңғылы автомат, 188 ұзын ойық ұңғылы мылтық, 4 қысқа ойық ұңғылы автомат, 1067 тегіс ұңғылы мылтық, 12 травматикалық қару, 5 жарылғыш құрылғы және ойық ұңғылы мылтықтың 9,5 мыңға жуық оғы бар.
Айта кетейік, өз еркімен тапсырылған қарудың жай-күйіне қарай әр данасы үшін 10 айлық есептік көрсеткіштен (31 800 теңге – ред) 100-АЕК-ке дейін (318 000 теңге –ред.) төлем көзделген.