• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Шілде, 2022

Түркістанда пара алған лауазымды тұлғалар сотталды

108 рет
көрсетілді

Түркістан облысында денсаулық сақтау саласында қызмет етіп, пара алып жүрген лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

2022 жылғы 14 шілдеде Шымкент қаласында Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ерлан Курбанходжаевқа қатысты сот үкімі шықты. Айыпталушыға 27 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.

Осы үкіммен Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Тұрманов, «KAUSAR KLINIKASY» ЖШС басшысы Адахамов, «Низам Ата» ЖШС өкілі Ахмадалиев пен Нышанбаевқа 2 миллионнан 20 миллион теңгеге дейінгі түрлі айыппұлдар салынды.

Құрбанходжаев Адахамов пен Нышанбаевтың делдалдығы арқылы «Низам Ата» және «KAUSAR KLINIKASY» ЖШС басшылығынан медициналық қызметке лицензия бергені үшін 800 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Тұрманов Нышанбаевтың делдалдығы арқылы клиникалық тәжірибеге жіберу мақсатында маман сертификатын бергені үшін жалпы сомасы 60 мың теңге алып отырғаны анықталды.

«Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік лауазымдарда қызмет ету құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ», делінген Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті таратқан хабарламада.