• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Шілде, 2022

Павлодарда суға батып бара жатқан 3 баланы құтқарған тұрғынға үй берілді

210 рет
көрсетілді

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Ақтоғай ауданының тұрғыны Андрей Карандашовқа алғыс айтып, үш бөлмелі үйдің кілтін сыйлады, деп хабарлайды Egemen.kz өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс әкімі Андрей Карандашовқа «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» төс белгісі мен үш бөлмелі үйдің кілтін сыйлап, ерлігі үшін алғыс айтты.

«Бұл шын мәнінде ерлік емес, біз үшін баға жетпес және сіз құтқарған балалар үшін аса маңызды нағыз қаһармандық әрекет. Мен өңірімізде сіз сияқты азаматтар болғаны үшін мақтанамын. Ата-анаңызға өзіңіздей еліміздің адал азаматын тәрбиелегені үшін көп рахмет. Сізге өңір тұрғындарының атынан алғыс айтамын», деді Әбілқайыр Сқақов. 

Андрей Карандашов Ақтоғай ауданындағы Приреченск ауылының тумасы. Отбасында екі бала тәрбиелеп отырған әке. Қазіргі кезде «Ақтоғай-Агро» ЖШС-де жұмыс істейді. Осы уақытқа дейін оның отбасы жалдамалы үйде тұрған еді. Бұған дейін отыз үш жастағы ауыл тұрғынын Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаментінде және Ақтоғай ауданының әкімдігінде марапаттаған.

Еске сала кетейік, төтенше жағдай 2022 жылдың 15 шілдесі күні Ақтоғай ауданының Приреченск ауылында болған. Бір отбасының жеті жасар егіз ұлы мен олардың тоғыз жасар ағасы Ертіске батып кете жаздады. Ауылдастарының жедел әрекетінің арқасында балалардың үшеуі де аман қалды. Ол  балаларға оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсеткен.