• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 19 Шілде, 2022

Ұлыбританиядағы сайлау: Үшінші турдың нәтижесі жарияланды

235 рет
көрсетілді

Дауыс беру қорытындысы бойынша Консервативті партияның басқарушы комитетінің басшысы Грэм Брейди Қаржы министрлігінің экс-басшысы Риши Сунак тағы да ең көп дауыс жинағанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Осылайша, төртінші турға Сунак (115 дауыс), халықаралық сауда министрінің орынбасары Пенни Мордонт (82 дауыс), Сыртқы істер министрі Лиз Трасс (71 дауыс) және әйелдер істері және теңдік министрінің бұрынғы орынбасары Кеми Баденок (58 дауыс) өтті.

Сайлауға барлығы 11 парламентші өз кандидатураларын ұсынған еді, олардың жетеуі өткен кезеңдерде сүрінді.

2019 жылы премьер-министр болған Борис Джонсон 7 шілдеде Ұлыбританияның премьер-министрі және консервативті партиясының басшысы қызметінен кететінін мәлімдеді. Ол Министрлер кабинетінің жаңа басшысын тағайындағанға дейін міндеттерін жалғастырады.