• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 19 Шілде, 2022

Бақылау-касса машиналарының бағдарламасы жаңартылады

328 рет
көрсетілді

2022 жылғы 15 қыркүйекке дейінгі мерзімде салық төлеушілер бақылау-касса машиналарының бағдарламасын жаңартпаса, фискалдық деректер операторлары ондай бақылау-касса машиналарына техникалық қолдау көрсетпейді, деп хабарлайды Egemen.kz Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2022 жылы деректерді тіркеу немесе беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібіне (Салық кодексінің 166-бабына) өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

«Бақылау-касса машиналарын қолдану мәселелері бойынша» жұмыс тобы шеңберінде бақылау-касса машиналарының әзірлеушілерімен және фискалдық деректер операторларымен бірлесіп бақылау-касса машиналарымен ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді беру бойынша оператордың серверіне деректерді берудің бірыңғай Хаттамасы жаңартылды және бекітілді.

Осы негізде модельдері бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген, деректерді тіркеу немесе беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын барлық кәсіпкерлерге 2022 жылғы 15 қыркүйекке дейінгі мерзімде өздерінің жұмыс істеп тұрған бақылау-касса машиналарын қайта бағдарламалау қажет», делінген комитет хабарламасында.

Сондай-ақ 15 қыркүйектен бастап 2.0.2-тен басқа Хаттамаларға фискалдық деректер операторлары қолдау көрсетпейді. Осыған байланысты барлығына бақылау-касса машиналарын 2.0.2 хаттама нұсқасына дейін алдын ала жаңарту қажет.

«Салық кодексінің 171-бабына сәйкес тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы деректерді тіркеу немесе беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының мәліметтерін қабылдау, сақтау бойынша қызметтер көрсетуді, сондай-ақ оларды салық органдарына беруді фискалдық деректер операторы жүргізеді», делінген хабарламада.

Сонымен қатар «Бақылау-касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қаржы министрінің бұйрығына сәйкес бақылау-касса машиналары фискалдық деректер операторының серверіне мемлекеттік кірістер органдарына ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз ететін техникалық талаптарға және сәйкестік нысанына, бақылау-касса машиналарының техникалық талаптарына сәйкес ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді береді.