Атырау қаласы әкімінің жаңа орынбасары болып Серік Нысанбаев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Серік Бағытжанұлы 1980 жылы туған. Білімі – жоғары. Ол 2003 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Атырау қалалық әкімдігінде бастаған.
2003-2008 жылдар аралығында Атырау қалалық әкімдігі аппаратында мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы лауазымын атқарған.
2008-2017 жылдары аралығында Атырау қалалық әкімдігі аппаратында мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы лауазымында болған.
Ал, 2017 жылдан бастап осы тағайындауға дейін Атырау қалалық әкімдігі аппаратының басшысы лауазымын атқарып келді.
«Серік Бағытжанұлы еңбек жолын қалалық әкімдікте бастап, мол тәжірибе жинады. Қаланың коммуналдық саласындағы жұмыстарды үйлестіріп, тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық ахуалын жақсартуға бағытталған тапсырмалардың уақытылы орындалуын қадағалайды», деді Атырау қаласының әкімі Мейірім Қалауи.