• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Шілде, 2022

Қызылорда облысында Конго-қырым безгегінен 4 адам көз жұмды

267 рет
көрсетілді

Қызылорда облысында биыл 4 адам Конго-қырым геморрагиялық қызбасынан қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыс бойынша конго-қырым геморрагиялық қызбасымен 33 науқас тіркелді. Оның 14-інде диагноз зертханалық түрде расталды. Өкініштісі, төрт адам қайтыс болды. Денсаулық сақтау мамандары тұрғындарды табиғатта, далада, мал жүретін аулаларда барынша сақ болуға шақырады.   «Қайтыс болған науқастар - Қызылорда қаласы, Жалағаш, Шиелі аудандарының тұрғындары.   Қазіргі таңда Конго-Қырым геморрагиялық қызбасымен ауырып, 1 науқас ем алуда. Тиісті медициналық ем шаралары қолданылған 9 науқас қанағаттанарлық жағдайда үйлеріне шығарылды. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын болдырмау, алдын алу шаралары да көптеп жүргізілуде», деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Мырзагелдіұлы.