• RUB:
    5.01
  • USD:
    523.58
  • EUR:
    549.71
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Шілде, 2022

Ертісте кеме қатынасы жандана ма?

387 рет
көрсетілді

Абай облысында кеме қатынасы жандануы мүмкін. Бұл жөнінде облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев Семейдегі бұрынғы өзен кемежайын аралау кезінде айтты.

Өңір басшысы кеме қаты­на­сының маңыздылығын, атап айтқанда, жолаушылар тасы­малын арттырудағы тиім­ді­лі­гін, сондай-ақ жүк тасы­мал­дауға экономикалық артық­шы­лықтарын жеткізді.

«Осыған дейін Ертістегі кеме қатынасын жандандырудың қажеттілігін айтқан едім. Кез келген кеме үшін пирс қажет екені айтпаса да түсінікті. Осы мақсатта бұрынғы өзен вок­залының жағдайымен танысуды ұйғардық», деді облыс әкімі.

Оның айтуынша, шаһарда кеме қатынасын жаңғырту үшін барлық тетік қарастырылған. Ең бастысы, инвесторлар келуге дайын.

«Бұл бағытта ұсыныстар бар, инвесторлар да табылып отыр. Бұрын Өскемен мен Омбының арасын Семей арқылы қатынайтын әйгілі «Ракета» кемелері жалғайтын. Кеме қатынасын жаңғыртуды орынды деп санаймыз. Менің ойымша қазір көпшілігі авто­кө­лік жолдарымен жүруге жа­лық­ты. Өскеменнен Семейге дейін шлюздеуді есепке алған­да жол ұзақтығы үш жарым сағатты алады. Көпшілігі кө­лік қатынасының бұл түріне қызы­ғып, сұраныс артады деп ойлай­мын. Жүк тасымалдарына келетін болсақ, бұл бөлек мәселе. Әлбетте, оны есептен шы­ғаруға болмайды. Бірақ оған басқа инвесторлар қажет», деді Н.Ұранхаев.

 

Абай облысы