• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
01 Мамыр, 2014

Мұқағали

389 рет
көрсетілді

Гете мен Гейне тілінде сөйледі Кеше Берлинде Қазақ­стан­ның экономика және мәде­ниет орталығында «Қазақ кітап­ха­насы» жобасының аясында Мұ­қағали Мақатаевтың «Ақ­қулар ұйықтағанда» атты неміс тілінде шыққан кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Бұл шараға Германия Бундестагының депутаттары, жергілікті мемлекеттік орган­дары­ның өкілдері, зияткерлік топ­тары, қазақ диаспорасы және дип­ломатиялық корпус қатысты. Еліміздің ГФР-дағы елшісі Нұрлан Онжанов беташар сөзінде қонақтарды Қазақстанның бай мәдениеті және тарихымен таныстырып, «Қазақ кітапханасы» жобасының мақсаттары мен мін­деттеріне тоқталды. Жарасымды іс Германияның баспа компаниясымен бірге жүзеге асқаны туралы баяндап берді. Дипломат кітап авторы Мұқағали Мақатаевтың қазақ халқының мәдениеті мен әдеби мұрасына салмақты үлес қосқандығын ерекше атап өтті. Шара барысында «Қазақ кітапханасы» жобасының ірге­тасын қалағандар, әйгілі неміс әдебиеттанушылары Лео­нард Кошут пен Кристине Лих­тенфельд өміршең қазақ өлеңі туралы ойларымен бөлісті. Олар екі мемлекет арасындағы мәдени-гуманитарлық жобаның іс жүзіндегі мағынасы зор екенін тілге тиек етіп, бұл Қазақстанның мәдени игілігіне германдық және еуропалық қоғамда да қолжетімді бола алатындығын атап өтті. Сонымен қатар, жоба аясында Германияда шығарылған және тұсауы кесілген кітаптардың авторлары қазақ жазушыларымен кездесулердің әсерлі болатынын жеткізді. Өз кезегінде, М.Мақатаевтың кітабын неміс тілінде басып шы­ғарған Марио Пшера тұсау­кесер рәсімін өзі жүргізіп, ақын­ның поэтикалық ерекшелігі, мән-ма­ғынасы, қазақтың өлең құры­лы­сының керемет иірімдері туралы баяндады. Гумбольдт атындағы Берлин университетінің қазақ тілі лекторатында оқитын неміс студенттері театрландырылған көрініс ұйым­дастырып, ақынның өлеңдерін қазақ және неміс тілдерінде оқыды. «Қазақ кітапханасы» жобасы 2006 жылдан бастап Қазақстанның Германиядағы елшілігімен жүзеге асырылып келеді. Оның аясында қазақ авторларының 20-дан астам кітаптары неміс тілінде ба­сы­лып шығарылды. Олардың ара­сында Елбасының «Еуразия жүрегінде», «Қазақстан жолы», сонымен қатар, М.Әуезов, Т.Ахтанов, І.Есен­берлин, Ә.Нұрпейісов, О.Сү­лейменов, Д.Досжан, т.б қазақ­тың көрнекті қаламгерлерінің кітаптарын ерекше атап өтуге болады. Жобаның мақсаты – қа­зақ мәдениетін және қазақ жазу­шыларының шығармаларын Гер­мания мен Еуропа елдеріне та­ныстыру болып табылады. Кі­тап­тар «Қазақ кітапханасы» атты бірыңғай әрленіммен қазақ және неміс тілдерінде басылып шығуда. Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан».