Қазақстанда телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап.
«Телерадио хабарларын тарату желілерінде жоспарлы-профилактикалық жұмыстар 20 шілдеде сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады», делінген хабарламада.