• RUB:
    5.05
  • USD:
    491.71
  • EUR:
    529.97
Басты сайтқа өту
Ауа райы 20 Шілде, 2022

Аптап ыстық: Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы

313 рет
көрсетілді

Қазгидромет 20 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік-батыс циклонының жырасы ел территориясының басым бөлігінде найзағаймен жаңбыр, желдің күшеюін, солтүстік-батыста бұршақ, оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауыл алып келеді.

Тек еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында антициклон жотасы жауын-шашынсыз ауа райын сақтайды.

Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Атырау, облысының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Түркістан, Маңғыстау, Ақтөбе, Ұлытау облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Жетісу облыстарының батысында, Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстік-батысында қатты ыстық болады.

Күндіз Қызылорда, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде өте қатты ыстық күтіледі.