• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Шілде, 2022

Биыл Түркістан облысында 10 адам суға кеткен

151 рет
көрсетілді

Түркістан облысында жыл басынан бері 10 адам суға кеткен. Оның ішінде 7 кәмелетке толмаған жасөспірім бар, деп хабарлайды Egemen.kz.

Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының ұйымдастырумен облыс аумағындағы суға түсу аймақтарында тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау іс-шаралары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Мәселен, алты ай ішінде Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 440 бабы «Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу» бойынша 184 адамға 2 млн 052 мың 210 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынған. Сондай-ақ 218 азаматқа ескерту жасалған.

Еске сала кетейік, бір ай бұрын Түркістан облысында суға батып кеткен шетелдік студенттердің денесі әлі табылған жоқ.