• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 20 Шілде, 2022

Каспий теңізінде жер сілкінді

451 рет
көрсетілді

Каспий теңізінде магнитудасы 4,1 балдық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Әзербайжан Ұлттық Ғылым академиясы жанындағы сейсмологиялық қызмет республикалық орталығы мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жер асты дүмпулері 45 шақырым тереңдікте 19 шілде күні тіркелген. Жер сілкінісі Ақтау қаласынан шамамен 329 шақырым жерде болған.

Эпицентрдің координаттары - 40°42'36 солтүстік ендікте, 51°38'24 шығыс бойлықта.