Сәрсенбі күні Шри-Ланка президентінің міндетін атқарушы Ранил Викрамасингхе ел президенті болып сайланды, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл туралы ел парламентінің спикері Махинда Япа Абеивардена мәлімдеді.
Оның айтуынша, Викрамасингхе 134, Даллас Алахаперума - 82, Анура Кумар Дисанаяка – 3 дауыс жинаған. Барлығы 225 депутаттың 223-і дауыс берді, екеуі келмеді, бірнеше бюллетень жарамсыз деп танылды.
Шри-Ланка парламенті алғаш рет президентті бірнеше кандидаттан сайлады. Шри-Ланка президенті бүкіл елде өтетін сайлауда бес жылдық мерзімге сайланады. Готабая Раджапакса отставкаға кетуі себебімен, конституцияға сәйкес, жаңа президентті ағымдағы мерзімнің соңына дейін заң шығарушы орган сайлады.
Шри-Ланкадағы саяси жағдай 9 шілдеде күні шерушілер мемлекет басшысы мен премьер-министр резиденцияларын басып алған кезде ушыға түсті. Тәртіпсіздік кезінде 100-ден астам адам жарақат алған. Викрамасингенің айтуынша, Шри-Ланка дағдарыстан толық шығу үшін елге кемінде үш жыл қажет.