• RUB:
    5.28
  • USD:
    480.61
  • EUR:
    534.53
Басты сайтқа өту
Оқиға 20 Шілде, 2022

Жетісу облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

206 рет
көрсетілді

Жетісу облысында жол апатынан 3 адам көз жұмып, тағы бір кішкентай бала ауруханаға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, көлік апатынан зардап шеккен кішкентай бала - 6 жаста.

«15 шілде күні сағат 15:00 шамасында Қаратал аудандық полициясына көлік апаты болғандығы жөнінде хабарлама түсті. Оқиға Үштөбе-Көпбірлік жолында болған.

Анықталғандай, «Тойота-Естима« көлігін 42 жастағы адам тізгіндеген. Жүргізуші рөлге ие бола алмай, аударылған. Көлікте 4 адам болған. Оның біреуі - кәмелеттік жасқа толмаған жеткіншек. Көлік апаты салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы мерт болды. Кішкентай бала түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді», делінген ведомствоның хабарламасында.

Аталған факті бойынша ҚК-тің 345 бабына сәйкес тергеу жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар