• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 21 Шілде, 2022

Орталық Азия мемлекеттерімен бірлесіп ғылыми еңбектер шығару ұсынылды

162 рет
көрсетілді

Бұл туралы Қасым-Жомарт Кемелұлы Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Орталық Азия халықтарының бай тарихи-мәдени мұрасын насихаттауды бірлескен жұмыстың маңызды бөлігі деп санаймын. Осы мақсатта этногеографиялық және тарихи зерттеулерді, сондай-ақ ғылыми еңбектер шығаруды бірлесіп ұйымдастыру мақсатында мемлекеттеріміздің Ғылым академиялары арасында тығыз байланыс орнату ұсынылып отыр», деді Президент.

Сондай-ақ Ұлттық мұрағат орталықтары мен кітапханалардың ынтымақтастығы негізінде ғылым саласындағы ынтымақтастықты тереңдету мақсатында мұрағаттық және зерттеу деректерімен алмасу үшін бірлескен онлайн платформа құру ұсынылды.