Шолпан-Атада өткен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуі аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Бүгінгі Саммиттің қорытындысы Орталық Азиядағы бейбітшілік және қауіпсіздік жолындағы ынтымақтастықты дамытудың жаңа бетін ашады деп ойлаймын. Қазақта сөз бар: «Татулық – таусылмас бақыт».
Уақыт сынынан өткен тығыз және сенімді қарым-қатынастар, ортақ тарихи және рухани тамырлар әрқашан елдеріміз арасындағы достықтың сарқылмас қайнар көзі болып қалатынына сенімдімін», деп қорытындылады ел Президенті.