• RUB:
    4.9
  • USD:
    443.72
  • EUR:
    482.28
Басты сайтқа өту
Футбол 21 Шілде, 2022

Футзалдан әлем чемпионатының ойындар кестесі белгілі болды

343 рет
көрсетілді

Футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионаты негізгі сатысындағы Қазақстан құрамасының қатысуымен өтетін ойындар кестесі белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Айта кетейік, ұлттық құрама бесінші топқа түсті. Қарсыластары - Словения және Черногория.

Қазақстандық футзалшылар алғашқы ойынын өз алаңында биылғы жылдың 8 қазанында Словенияға қарсы өткізеді. Одан кейін 12 қазанда сырт алаңда Черногориямен шеберлік байқасады. Ал Черногориямен өз алаңындағы ойыны 9 қарашаға белгіленсе, Словениямен тағы бір кездесу 2023 жылдың 8 наурызында болады.

Еске сала кетейік, негізгі іріктеу кезеңі 12 топтан тұрады. Әр топтың жеңімпаздары мен екінші орын алған төрт үздік команда тікелей элиталық кезеңге шығады. Екінші орын иеленген қалған сегіз команда өтпелі ойындар арқылы тағы төрт жолдаманы сарапқа салады.

Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты элиталық сатысында 2000, 2016, 2021 жылдарда сынға түсті. Олар 2021 жылы төртінші орынға табан тіреді.