• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Тағайындау 21 Шілде, 2022

Абай облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

424 рет
көрсетілді

Шалқар Байбеков Абай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Президент әкімшілігімен келісе отырып, Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың 2022 жылғы 20 шілдедегі өкімі бойынша Байбеков Шалқар Заманбекұлы әкімнің орынбасары болып тағайындалды», делінген хабарламада.

Шалқар Байбеков 1967 жылы Семей облысы Абай ауданында дүниеге келген. 1996 жылы Қазақстан мемлекеттік басқару академиясын экономист мамандығы бойынша, кейін Қазақстан мемлекеттік заң академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1988 жылы Семей облысы Жаңасемей аудандық Мемлекеттік сақтандыру инспекциясының аға инспекторы болып бастаған.

1988-1999 жылдары - Семей қаласы және Семей облысы бойынша салық инспекциясының бас мемлекеттік инспекторы, бөлім бастығы, бастығының бірінші орынбасары.

1999-2014 жылдары Павлодар қаласы бойынша салық комитетінің төрағасы, Астана қаласы бойынша салық комитеті төраға орынбасары, Нұр-Сұлтанның Алматы ауданы, Қарағанды ​​облысы және Нұр-Сұлтанның Есіл ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған. 

2014-2017 жылдары - Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

2017-2019 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2019-2021 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданының әкімі.