• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Шілде, 2022

Алматы маңындағы көлдерде сел қауіпі бар

343 рет
көрсетілді

Алматы әкімі Ерболат Досаев пен Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин қаланың сел қауіпсіздігін бақылау және мониторинг жүргізу мақсатында мореналық көлдердің жай-күйіне аэровизуалды бақылау жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тікұшақпен бақылауға «Қазселденқорғау» ММ, қалалық ТЖД және басқа да мекемелердің басшылары мен мамандары қатысты. Олар мореналық көлдердің, сондай-ақ Ақсай, Қарғалы, Кіші және Үлкен Алматы өзендері бассейндерінің жағдайын көрді. Алматының маңайында барлығы 50-ден астам мореналық және мұздық көл бар, олардың 12-сі қауіпті болса, 7-еуінде биыл сел қаупін төмендету бойынша алдын алу жұмыстары жүргізілуде.

«Қазселденқорғау» мамандарының мәліметіне сәйкес, Алматы тауларындағы мұздық көлдердің бұзылу қаупі бар. Температураның жоғарылауына байланысты мұздықтардың еруі байқалады, қысқы қардан шамамен 40-80% арылған. Мореналық көлдердің көпшілігі суға толтырылғанымен, қауіпсіз деңгейде, жер бетіндегі ағындар қалыпты шекте.

Былтыр жергілікті бюджет есебінен 31 станциядан тұратын Кіші, Үлкен Алматы, Қарғалы және Ақсай өзендерінің бассейндеріне сел қаупінің автоматтандырылған мониторинг жүйесі енгізілді. Жүйе су деңгейін, ауа мен судың температурасын, топырақтың ылғалдылығын, жауын-шашынның қарқындылығын, сел түсу қаупін қоса алғанда, тау өзендерінің жай-күйінің 10-ға дейінгі параметрлеріне автоматты түрде мониторинг жасайды.