• RUB:
    4.9
  • USD:
    443.72
  • EUR:
    482.28
Басты сайтқа өту
Спорт 21 Шілде, 2022

Қазақстандық клубтардың еурокубок ойындарындағы төрешілер белгіленді

121 рет
көрсетілді

Қазақстандық клубтардың қатысуымен өтетін UEFA Конференция лигасы ойындарына төрешілер белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталған турнирдегі барлық ойын 21 шілдеге белгіленген. Тікелей көрсетілім Qazaqstan және Qazsport телеарналарынан жүргізіледі. 17:50. Qazsport телеарнасы.

«Қызылжар» (Қазақстан) - «Осиек» (Хорватия) Аталған кездесуге латвиялық Александр Ануфриев бас төреші қызметін атқарады. Оған отандастары Евгений Морозов пен Роман Платонов көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші де латвиялық Эдгар Мальцев. 19:50. Qazaqstan теларнасы. «Қайрат» (Қазақстан) - «Кишварда» (Венгрия) Бас төреші даниялық Петер Кьерсгор-Андерсен.

Ойын барысында оған отандастары Йеспер Даль (Дания) мен Деннис Расмуссен көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші де сол елдің өкілі - Миккель Реддер. 21:50. Qazsport телеарнасы. «Тобыл» (Қазақстан) - «Линкольн Ред Импс» (Гибралтар) Бұл ойында Мальтадан келген Мэттью Де Габриэле бас төреші қызметін атқарады.

Алаң жиегінде отандастары Юрген Спитери пен Митчелл Шерри өз міндеттерін атқарады. Қосалқы төреші де мальталық Андреа Скириха. 00:50. Qazsport телеарнасы. «Астана» (Қазақстан) - «Ракув» (Польша) Кездесуге бас төреші ретінде грузиялық Гога Кикачеишвили бекітілген.

Оған отандастары Давит Габисония пен Давид Чигогидзе көмекшілік етсе, қосалқы төрешілікке сол елдің өкілі Ираклий Херхадзе шақырылған.