АҚШ президенті Джо Байденнен бейсенбі күні алынған тест қорытындысы оң болып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz ВВС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Ақ үй президент аурудың өте жеңіл белгілерін сезінгенін хабарлады.
«Джо Байден қызметтік міндеттерін сынақтар теріс нәтиже бермейінше оқшауланып жалғастырады. Ол ем алуын бастады», деді оның баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер.