• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 21 Шілде, 2022

Ақмола облысының 60 жастағы тұрғыны көршісін атып өлтірді

179 рет
көрсетілді

Ақмола облысының Ерейментау қаласында көршісін атып өлтірген 60 жастағы жергілікті тұрғынның үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қанды қылмыс бүгін болған.

«Ерейментау қаласының 38 жастағы тұрғынын өлтіру дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы қылмысқа күдікті ретінде 60 жастағы көршісі ұсталып, қару тәркіленді. Сонымен бірге, оқиға куәгерлері де анықталды. Қылмыстық істі тергеу шеңберінде тиісті сараптамалар тағайындалды», деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.