АҚШ президенті Джо Байденның коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсетті. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ақ үйдің баспасөз қызметінің мәліметінше, Джо Байден өз резиденциясында оқшауланған. Ол жұмысын сонда жалғастыра береді.
«Мемлекет басшысының COVID-19-ға тапсырған тесті теріс нәтиже көрсеткеннен кейін ғана ол әдеттегі жұмыс форматына қайта оралады. Ол вакцинация курсынан толық өткен, аурудың симптомдары жеңіл», деді Ақ үй өкілдері.