• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қоғам 22 Шілде, 2022

Ақмола облысында заңсыз киік атқан күдікті ұсталды

245 рет
көрсетілді

Ақмола облысы Жарқайың аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мен «Охотзоопром» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының инспекторлары киікті заңсыз атып алған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 31 жастағы ер адам 20 шілдеде Шойындыкөл ауылы аумағында қолға түскен. Күдіктінің «Газель» көлігін тінту кезінде бір киік еті, «МР-153» тегіс ұңғылы мылтық, сондай-ақ 12 калибрлі 11 патрон табылды.

«Аталмыш дерек Қылмыстық кодекстің 337-бабы 4-бөлігі («заңсыз аңшылық») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Күдіктіге «келу туралы міндеттеме» түрінде процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды», деді ведомстводан.

Осы ретте полиция қызметкерлері ел аумағында ғылыми мақсаттарда пайдалануды қоспағанда, киіктерді, олардың бөліктері мен дериваттарын 2023 жылға дейін пайдалануға тыйым салынғанын еске салады.