• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Шілде, 2022

Рудныйда пәтеріне қарасора өсірген тұрғын ұсталды

246 рет
көрсетілді

Рудный тұрғыны пәтерінде қарасора өсірген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарасора өсіру үшін арнайы бөлмені жабдықтаған. 

«Қарасора 2022» жедел-алдын алу іс-шаралары барысында Рудный қаласының Полиция басқармасының қызметкерлері құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісін анықтады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабының 1-бөлігі  бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Есірткі заттарына сот-сараптамалық зерттеу жүргізілуде.