• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 22 Шілде, 2022

Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

156 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысына Ұлттық банктің биылғы қаңтар-маусым айларында жүзеге асырылған ақша-кредит саясатының алдын ала қорытындылары туралы есеп берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық банк төрағасы Президентке инфляцияға қатысты болжамдар, тұтыну бағаларын тұрақтандыруға бағытталған шаралар, еліміздің халықаралық резервтерінің қазіргі жай-күйі туралы айтты.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы инфляцияны тежеу жұмыстарын күшейтуді және ақша-кредит саясатының тиімділігін арттыруды тапсырды.