• RUB:
    5.41
  • USD:
    476.27
  • EUR:
    515.47
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Шілде, 2022

Ақтауда жол апаты болып, үш адам зардап шекті

283 рет
көрсетілді

Жол-көлік оқиғасы Rixos қонақ үйінің жанындағы демалыс базасында болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Toyota Land Cruiser 200» көлігінің жүргізушісі кері бұрылу кезінде «Lexus Es 330» автокөлігіне жол бермеген. Соның салдарынан жол-көлік оқиғасы орын алған», деп мәлім етті Маңғыстау облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Оларға медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді.

«Toyota Land Cruiser 200» көлігінің жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 2-бөлігі бойынша хаттама толтырылды.