Ыстықкөл облысы Комсомол ауданында жағалаудан 1 км қашықтықта жүрген «Альбатрос» атты туристерге арналған кемеден өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Ведомствоның хабарлауынша, өрт сөндірушілер келгенге дейін теплоход экипажы өртті өздері сөндіріп үлгерген. Кемеден балаларды қоса алғанда 20 жолаушы эвакуацияланды. Ол үшін жақын маңдағы пансионаттардың скутерлері пайдаланылды. Алдын ала мәліметтер бойынша зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі таңда оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр, өрттің шығу себебі әлі белгісіз.