• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Шілде, 2022

Түпқараған ауданында көліктер сел астында қалды

276 рет
көрсетілді

Түпқараған ауданының орталығы Форт-Шевченко қаласынан 68 шақырымдағы «Көгілдір айлақ» теңізінің жағалауында демалып жатқан адамдар мен олардың автокөліктері нөсер жауыннан пайда болған селдің астында қалды, деп хабарлайды Egemen.kz Түпқараған ауданы әкімдігіне сілтеме жасап.

«24 шілдеде сағат 08:28-де Форт-Шевченко қаласының өрт сөндіру бөліміне «Көгілдір айлақтағы» демалушылардан қоңырау келіп түсті. Демалыс орнына кіреберісте сел пайда болып, автокөліктердің ағып кеткендігі туралы хабарланды. Шақыру түскеннен соң Ақтау қалалық №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінен вахталық автокөлігі шығып, оқиға орнына барып 10 адамды эвакуациялады. Олардың екеуі - бала», деді Түпқараған аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Жолдыбек Бисенбеков.Нәтижесінде, судан 6 автокөлік шығарылды. Эвакуациалау жұмыстарына С.Шапағатов ауылдық округынан да арнайы техника жұмылдырылды.

23 шілдеде Маңғыстау облысында нөсер жауын жауған еді.